Германия жағалауында өркешті кит қайраңда қалып қойды

24.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ұзындығы шамамен 10 метр болатын жас кит Любек шығанағындағы құмды қайраңға тұрып қалған. Аймақ Шлезвиг-Гольштейн федералдық жеріне қарайды. Мамандар жануарды теңізге қайта шығара алмай жатыр. Тіпті түнгі тасқынның өзі киттің өздігінен жүзіп кетуіне жеткіліксіз болған.

Сарапшылардың айтуынша, жас аталық кит көшу кезінде бағытынан жаңылған болуы мүмкін.

Сонымен қатар алаңдататын тағы бір болжам бар, жануар әлсіреген немесе ауру болуы ықтимал. Кей жағдайларда киттер әлсіреген кезде әдейі таяз суға барып, демалуға тырысады. Табиғатты қорғау жөніндегі Sea Shepherd ұйымының өкілдері жануардың жағдайы сағат сайын нашарлап бара жатқанын айтты.

Құтқару жұмыстары киттің салмағының ауырлығына байланысты қиындық тудырып отыр. Оны терең суға бұру әрекеттері жасалған, тіпті қайықтармен толқын жасап көруге де тырысқан, бірақ кит қайтадан сол орнына қайтып келген.

Жануардың маңынан балық аулау торының қалдықтары табылған. Оның бір бөлігі алынғанымен, дәл осы тор киттің тұрып қалуына себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Қауіпсіздік мақсатында жағалау қоршауға алынып, полиция адамдардан жақындамауды сұрады.

Мамандардың айтуынша, суы суық әрі тұздылығы төмен Балтық теңізінде киттің тірі қалу мүмкіндігі аз.

Айта кетейік, мұхит түбінде киттердің өлексесімен қоректенетін тіршілік иелері бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью