Германияда 23 наурыз күні жалпыұлттық ереуілге байланысты дәріханалар жабылады

22.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Басылымның мәліметінше, дәріхана қызметкерлері «созылмалы қаржыландыру тапшылығына» наразылық білдіріп отыр. Олар Берлин, Ганновер, Дюссельдорф және Мюнхен қалаларында шеруге шығады.

– Германиядағы дәріханалар жағдайы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және халыққа медициналық қызмет көрсету мәселесі бұрыннан бері күрделі күйде, — деп мәлімдеді Германия дәріханалары федералдық қауымдастығының (ABDA) басшысы Томас Прайс.

Оның айтуынша, дәріхана қызметкерлерінің жалақысы соңғы рет 13 жыл бұрын көтерілген, ал осы уақыт ішінде қосымша шығындар 65 пайыздан жоғары өскен.

Сондай-ақ Прайстың дерегіне сәйкес, 2013 жылдан бері Германиядағы дәріханалардың жалпы санының шамамен 20 пайызы жабылған.

Еске сала кетсек, өткен айда Германиядағы жұмыссыздар саны 3 миллионнан асқанын жаздық.

Сондай-ақ Германиядағы әлеуметтік ахуал күрделеніп,13 миллионнан аса адам күнкөріс қиындығын көріп отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью