Германияда әрбір төртінші науқас дәрігер қабылдауын бір айдан астам күтеді

06.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл туралы ауруханалық сақтандыру кассалары жүргізген сауалнама нәтижелері дәлелдейді.

Респонденттердің шамамен үштен бірі қабылдауды күту мерзімі шамадан тыс ұзарып кеткенін айтқан. Ал сауалнамаға қатысқан әрбір оныншы адам өзіне қажетті дәрігердің қабылдауын үш айдан астам уақыт күткенін мәлімдеген.

Осы сауалнама нәтижелеріне байланысты Германияның Ауруханалық сақтандыру кассаларының бас бірлестігі орталықтандырылған онлайн-портал енгізуге шақырды.

Ұсынысқа сәйкес, елдегі барлық медициналық мекеме қабылдауға жазылу орындарының «белгілі бір тұрақты пайызын» осы порталға енгізуі тиіс.

Бұл шара пациенттер үшін дәрігер қабылдауына қолжетімділікті арттыруға бағытталғаны атап өтілді. 

Айта кетелік Германияда жұмыс орындары қысқарып жатқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью