Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бұл туралы Франкфурт-на-Майнедегі прокуратура мен Гессен қылмыстық полициясы хабарлады.
Күдіктілер кемінде 370 адамды, негізінен егде жастағыларды алдаған. Олар жәбірленушілерге өздерінде өте қымбат әрі бағалы ескі кітаптар бар екенін айтып, оған ірі сома төлейтін сатып алушылар табылғанын жеткізген. Алайда мәміле жасау үшін алдын ала төлем (тасымал және сақтандыру шығындары) аудару қажет екенін алға тартқан. Кей жағдайларда жәбірленушілерді несие алуға дейін мәжбүрлеген.
Тергеу аясында жалпы сомасы шамамен 11 млн еуро болатын мүлікке тыйым салынды.
Күдіктілердің бірінен құны 200 мың еуродан асатын Mercedes-AMG көлігі тәркіленді. Сонымен қатар 50 банк шоты мен Төменгі Франкониядағы екі жылжымайтын мүлікке шектеу қойылды.
Құқық қорғау органдары топтың басшысы 36 жастағы Германия азаматы деп отыр. Бұдан бөлек, 31-39 жас аралығындағы Түркияның үш азаматы ұсталды. Олар жәбірленушілермен тікелей байланысқа шығып, өзін кітап сатудағы делдал ретінде таныстырған. Ал Франкфурт-на-Майне қаласында ұсталған 33 жастағы Германия мен Эритрея азаматы телефон арқылы байланыс жүргізген деген күдікке ілінді.
Айта кетелік Германия, Канада және АҚШ халықаралық хакерлер желісін жойған еді.