Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: IMAGO
Роберт Кох институтының есептеуі бойынша маусымның соңғы аптасында 4300-ден астам адам қайтыс болған.
Федералдық статистика басқармасының мәліметінше, ең ыстық аптада (22-28 маусым аралығы) өлім-жітім саны 6 800 жағдайды құраған.
Германияда температуралық рекорд тіркелді
Маусымның соңғы аптасында тіркелген ауа температурасы Оңтүстік Еуропа үшін қалыпты құбылыс болғанымен, Германия үшін бұл рекордтық көрсеткішке айналды. Кей өңірлерде ауа температурасы Цельсий бойынша 41 градустан асты.
Роберт Кох институтының деректеріне сәйкес, соңғы жылдары ыстық кезеңдердегі өлім-жітім көрсеткіштері әртүрлі болған. 2018 және 2019 жылдар соңғы онжылдықтағы ең ауыр кезең деп саналады. Ол жылдары 8 400 және 6 900 адам аптап ыстықтың салдарынан қайтыс болған. Ал 2022-2025 жылдары бұл көрсеткіш жылдық есеп бойынша 2 600-ден 4 900-ге дейінгі аралықта болған.
Мамандардың айтуынша, аптап ыстық өте сирек жағдайда өлімнің тікелей себебі болады. Көп жағдайда жоғары температура бұрыннан бар созылмалы аурулармен қатар әсер етіп, адамның өміріне қауіп төндіреді.
Еуропалық Copernicus климаттың өзгеру қызметінің (C3S) мәліметінше, 2026 жылдың маусымы Батыс Еуропадағы ең ыстық маусым болды. Өңірдегі орташа ауа температурасы шамамен 20,86 °C-ты құрап, бұл 1991-2020 жылдардағы маусым айының орташа көрсеткішінен 3 градусқа жоғары болды.
Айта кетейік, Португалияда аптап ыстыққа байланысты қызыл деңгейдегі дабыл жарияланды.