Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Германияның Денсаулық сақтау министрі Нина Варкен ұсынған мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесіндегі бюджет тапшылығын азайту шаралары дәрігерлік тәжірибе мен ауруханаларды қаржыландырудың қысқаруына әкелуі ықтимал.
Бұл туралы ауруханалық сақтандыру дәрігерлері федералдық бірлестігінің (KBV) басшысы Андреас Гассен мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жағдай пациенттердің дәрігер қабылдауын ұзақ күтуіне себеп болады.
Ал Германия ауруханалар қауымдастығының басшысы Геральд Гасс медициналық мекемелер шығынды бөлімшелерді жабуға және кейбір дәрігерлерді жұмыстан босатуға мәжбүр болуы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, ұсынылған шаралар «мемлекет тарапынан рұқсат етілген ауруханаларды жабуға тең».
Неміс дерматологиялық қоғамы үкіметті тері қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған тегін скрининг бағдарламасын сақтап қалуға шақырды. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл бағдарламаны тоқтату «ауыр салдарға» әкелуі мүмкін, өйткені ауру кеш анықталған жағдайда емдеу шығындары әлдеқайда артады.
Бұған дейін Нина Варкен Германияның денсаулық сақтау жүйесінде қатаң үнемдеу шараларын қамтитын пакет ұсынған болатын.
Атап айтқанда, медициналық мекемелерге бөлінетін қаржыны қысқарту, жұмыссыз жұбайлар үшін тегін медициналық сақтандыруды жою және рецепт арқылы берілетін дәрілерге қосымша төлемдерді арттыру қарастырылған.
Бұл шаралар бюджет тапшылығын жабуға және сақтандыру жарналарының одан әрі өсуіне жол бермеуге бағытталған.
Айта кетелік 2045 жылға қарай Германияда халық саны күрт қысқаруы мүмкін.