Германияда мұғалімдер ереуілге шықты

19.12.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Берлинде мемлекеттік қызметкерлер жаппай ереуілге шықты. Алты мыңға жуық шерушінің арасында мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен полиция қызметкерлері бар. 

Халық өкілдер палатасы қала бюджетін жоспарлап жатқан ғимараттың алдына жиналды. Кәсіподақтар инфляция жағдайында жалақыны жеті пайызға көтеруді және төмен жалақы алатындарды қосымша қолдауды талап етті. Қала мектептері уақытша жабылып,  аймақта кейбір мемлекеттік қызмет түрлері тоқтады. Балабақшалар да шектеулі режимде жұмыс істеп жатыр.

Калле Кункель, Ver.Di кәсіподағының баспасөз хатшысы:
- Ереуілге төрт ірі кәсіподақ қатысып жатыр. Біз жалақыны 7%-ға, кемінде 300 еуроға көтеруді талап етеміз. Табысы төмен қызметкерлерді қолдау керек. Бүгін өкілдер палатасы бюджетті жоспарлап жатыр. Олар мәдениет, білім, ғылым, табиғатты қорғау және әлеуметтік салаларда ауқымды қысқартулар жасамақшы. Біз бұған қарсымыз. Талаптарымыз еленбесе, тағы да ереуілдерге шығуға дайынбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью