Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: ТАСС / dpa /picture-alliance
Өрт сенбі күні түстен кейін Трайзен маңындағы тік беткейде тұтанған. Алдымен құтқарушылар өрт ошағына жақын орналасқан ғимараттардың тұрғындарын көшірді. Түнгі сағат 02:00-ге қарай эвакуация өрттен бір шақырым радиустағы барлық ғимараттарды қамтыды. Жексенбі күнге қарай жалын орман алқабындағы шамамен 2,7 гектар аумақты шарпыды. Эвакуацияланған тұрғындар көрші қауымдастықтың спорт залына орналастырылды.
Оқиға орнында жарылыстар болды. Себебі бұрын бұл аумақ оқ-дәрілерді жою үшін пайдаланылған. Соғыс кезінен қалған миналардың болуына байланысты өрт сөндірушілер қауіпті аймаққа кіре алмай, қашықтан өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылар өрттің таралуын тоқтату үшін қорғаныс жолақтарын жасап, су атқыш қондырғыларды қолданып жатыр. Бұл жағдайды аптап ыстық, құрғақшылық пен желді ауа райы одан әрі қиындатып отыр.
Айта кетейік, Германияда орнаған экстремалды аптап ыстық салдарынан су айдындарында қайғылы жағдайлар күрт жиіледі. Неміс құтқарушылар қауымдастығының мәліметінше, соңғы үш тәуліктің ішінде 20-дан астам адам суға батып қайтыс болған.