Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлемдік біріншілік аясында бозбалалар мен жасөспірімдер арасында спринт жарысы ұйымдастырылды.
Бозбалалар арасында Кирилл Зотов 23-орын алды. Егор Немцев 49-орынға тұрақтаса, Евгений Полторанин 59-орыннан көрінді. Ал Никита Дудченко 75-орынға ие болды.
Жасөспірімдер арасында Захар Шкарин 39-орында мәреге жетті. Антон Редькин 59-орын алды. Ал Эрик Шефер 78-орынға жайғасса, Богдан Авизов 84-орынға тұрақтады.
Бүгін, 4 наурызда осы дисциплинада қыздар жарыс жолына шығады.
Бұған дейін Қазақстан спортшысы еспелі слаломнан Таиландтағы турнирде қола медаль еншілегенін жазғанбыз.