Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
- Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды. Экстрадициялық шараларға қатысты қамауға алынды. Осыған қатысты қазір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан түрлі ақпарат шындыққа жанаспайды. Атап айтқанда, экстрадиция процесі жүріп жатыр. Сондықтан ресми ақпарат көздерінде жарияланған деректерге мән беру керек. Оны елге қайтару бойынша Германия жағынан бас тарту мәлімдемесі болмады, - деді Ғ. Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу салынғанын жазғанбыз.
Биыл қыркүйек айында ол Германияда ұсталды.