Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Гамбург тұрғындарының басым көпшілігі 31 мамырда өткен референдумда қалада Олимпиада ойындарын өткізу идеясынан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Гамбург тұрғындарының басым көпшілігі 31 мамырда өткен референдумда қалада Олимпиада ойындарын өткізу идеясынан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, дауыстарды толық санау аяқталмай жатып-ақ, бургомистр Петер Ченчер дауыс беру нәтижелері айқын екенін мәлімдеді. Соңғы деректер бойынша, дауыс берушілердің 54,9 пайызы Олимпиадаға "жоқ" деп жауап берген. Бастаманы қолдағандар үлесі - 45,1 пайыз.
Ченчер ГФР спорт шенеуніктеріне "Гамбург Олимпиада ойындарын өткізуге берген өтінімін қайтарып алатыны" туралы хабарлап қойды.
"Дауыс беру нәтижелеріне қатты өкінемін", - деді бургомистр, бірақ референдум қорытындысы билік үшін орындалуы тиіс міндетті шешім екенін атап өтті.
Референдумда 16 жастан асқан барлығы 1 315 800 Гамбург тұрғыны дауыс беру құқығына ие болды. Сайлау комиссиясының дерегінше, олардың шамамен 650 мыңы немесе 49,5 пайызы дауыс берген.
Бұл - Гамбургте Ойындарды өткізуді жақтаушылардың осымен екінші жеңілісі. 2015 жылы да тұрғындар өтінім беруге қарсы шыққан болатын. Ол кезде референдумда 51,6 пайызы қарсылық танытса, 48,4 пайызы қолдап дауыс берген еді.
Гамбургтің 2036, 2040 немесе 2044 жылғы жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге берген өтінімі қабылданбағаннан кейін, Германия атынан үміткер атану үшін Мюнхен, Берлин және орталығы Кёльн қаласы болатын Рейн-Рур аймағы өзара бақ сынайды.
Үзілді-кесілді шешімді Германия олимпиадалық спорт одағы 26 қыркүйекте қабылдайды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу