Гидроэнергетикалық әлеуетті қалай арттырамыз? Елімізде бірыңғай цифрлық платформа құрылмақ…
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Энергетика министрлігі елдің гидроэнергетикалық әлеуетінің бірыңғай цифрлық картасын қалыптастыру бойынша жұмысты бастап, оны ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаға интеграциялауды қолға алды.
Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, елдің су-энергетикалық ресурстары картасын әзірлеу мәселесі бойынша жұмыс Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысымен берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында басталған.
Ерлан Ақкенженов: Энергетика саласын жаңғырту – стратегиялық міндет «Платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіреді.
Бұл өз кезегінде оңтайлы жобалық шешімдер қабылдауға, болашақ станциялардың параметрлерін есептеуге және жобалауға дейінгі дайындық мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді», деді Ерлан Ақкенженов.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда АЭС-тің аяқталғанын күтпей жаңа энергия көздерін іске қосу керек екенін айтты.
Соңғы жаңалықтар Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан Қоғам • Бүгін, 00:29 Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады Технология • Кеше «Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді Футбол • Кеше Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін Қоғам • Кеше Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?
Читать полностью
Читать новость