Ғимарат су жаңа кейіпке енді

27.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданына қарасты Базаршолан ауылында орта мектеп ғимараты жаңғырту жұмысынан кейін су жаңа кейіпке енді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде 2025–2027 жылдары 1 300 мектеп жаңғыртудан өткізілуі керек болатын. Осы тапсырма аясында Батыс Қазақстан облысында 86 мектеп реновациядан өтеді. 2025 жылы облыста алғашқы 6 мектеп жаң­ғыр­тудан өтіп үлгерді. Соның бірі – Базаршолан ауылындағы Ғабдолла Махамбетов атындағы орта мектеп ғимараты.

Атына заты сай, жаңарған мектептің ғимараты ғана күрделі жөнделіп қоймай, бүкіл жабдығы түгелімен жаңадан алынып, заманауи кейіпке енген. Өткен жылдың наурыз айынан бері әр жерде оқуға мәжбүр болған ауыл балаларының қуанышында шек жоқ. Жобаның жалпы құны – 772,2 млн теңге болыпты. Күрделі жөндеу жұмысын алматылық «НСК «MBM Construction» ЖШС атқарған.

– Жөндеу жұмысының сапасына көңіліміз толды. Құры­лысшылар біздің талап-тілегімізді ескеріп, мектеп ішіндегі кейбір кабинетті өз қалауымызша жа­сат­тық. Қазір бізде 232 оқушы білім алып жатыр. Мектепалды даярлық сыныбында 16 бала тәрбиеленеді. Ұжымда 40 педагог бар, – дейді мектеп директоры Ораз Наурызбайұлы.

– 2026 жылы Ақжайық ауданында тағы 4 мектеп – Тайпақ ауылындағы Байсықов мектебі, Қарауылтөбе ауылындағы Тай­пақ мектебі, аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы гимназия және Жаңабұлақ мектебі жаң­ғыртудан өтеді. 2027 жылы тағы 7 мектеп жаңарады. Сонда бір ғана Ақжайық ауданында үш жылда 12 мектеп жаңғыртылады, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин.

Жаңартылған мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған. Пәндік кабинеттерде дәрістерді теориялық және практикалық тұрғыда өткізуге барлық жағ­дай жасалған. Ал компьютер­лік тех­нологиялар және биология кабинеттерінде орнатыл­ған құрылғылар тіптен керемет – заманауи компьютерлер, ­аудио-визуал технологиялар, цифр­лық микроскоп, т.б. бәрі бар. Мемлекет басшысы айтып жүрген әлеуметтік теңсіздік – ауыл баласы мен қала баласы­ның бірдей сапалы білім алуына кедергі жойылған деуге болады.

Мектеп ғимаратының қайта ашылуына орай өткен салтанатты шарада облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин мен Ақжа­йық ауданының әкімі Мұрат Сердалин өңір басшысы атынан мектеп директорына су жаңа «ГАЗель» автокөлігінің кілтін табыстады. Бұл микроавтобус округ аумағындағы Баянтөбе ­ауылынан қатынап оқитын балаларды таситын болады.

Өңірде кейінгі жылдары бі­лім саласына жасалып жатқан қам­қорлық көп. Мәселен, 2023 жылдан бері облыста 30 жаңа мек­теп салынған екен. Оның 9-ы – «Келешек мектептері» ұлттық ­жобасы аясында бой көтерді. Жаңа білім ошақтарының 22-сі ауылда ашылған. «Себебі ауыл­ға жағдай жасау – ауыл балала­рына қала оқушыларымен тең мүмкіндік беру деген сөз. Ат­қа­рылған жүйелі жұмыс­тың нәти­жесінде өңірде 11 апат­тық, 6 үш ауысымды және 12 бейімделген мектеп ғима­ратының мәселесі толық шешіл­ді. Биылдың өзін­де облыста 8 жаңа мектептің құрылысы жү­ріп жатыр. Бұдан бөлек өткен жылы жергілікті бюджет пен «Қазақстан халқы­на» қоғамдық қоры есебінен ­7,8 млрд теңгеге 514 пәндік кабинет сатып алынды», дейді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55

Ғимарат су жаңа кейіпке енді

Білім • Бүгін, 07:45

Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады

Өшпес даңқ • Кеше

Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс

Қоғам • Кеше

Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді

Қоғам • Кеше

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы

Қоғам • Кеше

Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы

Құрылтай • Кеше

Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау

Қоғам • Кеше

Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады

Ата заң • Кеше

С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі

Экология • Кеше

Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью