Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды

03.06.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:

жауапты (тіреу) элементтері мен қосылуларда бұзылу қаупін тудыратын ақаулар мен бүлінулер, қолданылған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының сапалық көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі анықталған;өрт және төтенше жағдайлар салдары;мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою туралы актілер берілген;ғимараттар мен құрылысжайлардың конструктивтік схемасын, өндіріс технологиясын өзгертуге байланысты құрылыс жобасы түзетілген;ғимаратты немесе құрылысжайды пайдаланудың нормативтік мерзімдері өтіп кеткен;күрделі жөндеудің немесе реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығы айқындалған;нормаланатын табиғи-климаттық әсер ету (қардың, желдің әсері) ұлғайған;құрылыс объектілерін техникалық пайдалану кезінде (тұрақты) техникалық байқаудың белгіленген мерзімдері басталған;құрылысы аяқталмаған объектілер алты айдан астам мерзімге консервацияланған не тоқтатыла тұрған;құрылыс объектісі кеңейтілген, жаңғыртылған, реконструкцияланған, техникалық қайта жарақтандырылған, реставрацияланған, күрделі жөнделген және оның нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.

Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды тапсырыс беруші жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаларды (ұйым) және ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған маман сертификаты бар жеке тұлғаларды тарта отырып, шарт негізінде жүзеге асырады (маман).

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау техникалық тапсырмаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асыруға арналған шартқа (шарт) сәйкес жүзеге асырылады.

Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген және құрамында жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар кемінде үш маман, сондай-ақ жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде қызметін жүзеге асыратын, "конструкциялық бөлік" мамандануы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жөніндегі сертификаты бар бір маман (сарапшы), инженер-геодезист бар заңды тұлғалар жүргізуге тиіс және ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған маман сертификаты бар жеке тұлғалар жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде техникалық зерттеп-қарауды жеке жүзеге асырады.

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде маман не ұйым мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Тапсырыс берушіден тексерудің бастапқы деректерін: қолданыстағы жобалау-сметалық құжаттаманы, сараптамалық қорытындысын, инженерлік-геологиялық ізденістер жөніндегі қорытындыны, атқарушылық-техникалық құжаттаманы, рұқсат беру құжаттамасын, құқық белгілейтін құжаттарды сұратады;ақауларды суретке түсіріп, қарап тексеру жүргізеді;Тапсырыс беруші объектіні техникалық зерттеп-қарауды дайындау бойынша барлық қажетті іс-қимылдарды ұйымдастыруы және орындауы үшін тіреу конструкцияларын қажетті ашу орындары бар іс-қимылдар бағдарламасын Тапсырыс берушіге ұсынады;ұсынылған бастапқы деректерді алдын ала зерделеу мен талдауды жүргізеді;негiзгі тіреу және қоршау конструкцияларына, оның ішінде негіздемелер мен iргетастарға егжей-тегжейлі аспаптық тексеру жүргізеді;егжей-тегжейлі аспаптық зерттеп-қарау жүргізген кезде аккредиттелген мамандандырылған зертхананы тартады;зерттеп-қарау жатқан бүкіл объекті мен оның конструкциялық элементтерінің нормативтік талаптардан ауытқуларын анықтау үшін олардың инженерлік-геодезиялық түсірілімін жүргізеді;объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялары мен бұйымдарының сапасын тексереді, олардың Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынақтарын ұйымдастырады және сапасын растайтын құжаттардың (техникалық паспорттар, сертификаттар, зертханалық сынақтардың қорытындылары және басқалары) бар-жоғын тексереді;зерттеп-қарау барысында алынған нәтижелерге зерделеу жүргізеді;зерттеп-қарау барысында алынған нәтижелер мен зертханалық деректерді ескеріп, ұсынылған бағдарламалық кешендерде ғимаратты (құрылысты) тексеру есебін жүргізеді;барлық алынған деректерге инженерлік талдау жүргізеді (конструкциялардың жұмыс істеу қабілеті санатын айқындай отырып, бастапқы деректерді, тексеру нәтижелері мен тексеру есептерін талдау);объектінің нақты деректері бойынша қажетті қосымшалары (жоспарлар, бөліністер, тіреу конструкцияларының атқарушылық түсірілімі, суретқосымша, зертхана хаттамалары, растайтын материалдар) бар, объектінің сенімділігі мен орнықтылығына жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелері туралы қорытынды жасап, жүргізілген техникалық зерттеп-қарауды инженерлік талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасайды;жасалған қорытындылардың негізінде қажетті конструкцияларды күшейту (қалпына келтіру) жөнінде ұсынымдар әзірлейді;объектіге қажетті конструкцияларды күшейту (қалпына келтіру) бойынша қортындылар мен ұсыныстары бар объектіні техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытындыны Тапсырыс берушіге береді.

Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асырған кезде маманға немесе ұйымға толық техникалық жәрдем көрсетеді.

Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар мамандарға осы құрылыс объектісінде қолданылатын қауіпсіздік техникасының арнаулы қағидалары туралы нұсқау берілуге тиіс.

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптамалық жұмыстарды орындау мерзімі шартпен айқындалады және мынадай:

техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілер үшін күнтізбелік отыз күннен;бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі бірегей және техникалық күрделі объектілер үшін күнтізбелік алпыс күннен;бірінші жауапкершілік деңгейіндегі өндiрiстiк мақсаттағы бірегей және техникалық тұрғыдан күрделі объектілер үшін күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайды.

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық зерттеп-қарау жүргізу барысында мамандардың кәсіби қызметіне араласуға болмайды.

Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью