Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Біріншіден, бұл жай ғана техникалық түзету емес. Бұл — жүйенің бүгінгі ахуалын бағалай отырып, артықшылығын ескеріп, қайта жүйелеу. Мемлекет өзінің конституциялық негіздерін қайта жазғанда, ол заң тілін өңдемейді — ол билік құрылымын қайта қарастырады. Мысалы, бір палаталы Құрылтайға көшу, Вице-Президентті тағайындау, цифрлық құқықты енгізу және егемендік пен адами капиталға баса назар аудару — құрылымдық өзгерістерді көрсетеді.
Бұл өзгерісті дәл қазіргі уақытта өткізуінің өзінде мән-мағынасы бар. Біріншіден, Қазақстан өзін Орта дәліз ретінде көрсетіп отырғандықтан Ресей, Қытай және Батыстың қатысуының ұлғаюымен арадағы геосаяси кеңістікте әрекет етуі де өте күрделі. Осындай жағдайда конституциялық реформа — тек ішкі басқаруды ғана емес, бұл геосаяси белгі беруі.
Бұл дегеніміз — институционалдық сенім мен егемендік бақылауды қамтамассыз етеді. Мәселен, цифрлық құқық пен жасанды интеллектке баса назар аударылған. Ал біле берсек, заңдық тұрғыда цифрлық құқығын қорғап жатқан мемлекет көп емес. Бұл мемлекеттің келешектегі әлеуеті шекаралық қана емес, негізінен технологияға байланысты екенін стратегиялық тұрғыда көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, жақсыға деген ұмтылыстың өзі ұстамдылықпен сәйкес келуі керек.
Кез келген конституциялық реформаның жетілуінің шынайы сынағы оның қағаз жүзінде ауқымды көрінуінде емес, іс жүзінде билікті шектей ме, мәселе осында. Бір палаталы Парламент сайлаудағы бәсекеге қабілеттілігін шынайы болған жағдайда ғана тиімділігін арттыра алады. Вице-Президенттік сабақтастықты тұрақтандыруы мүмкін, онда да егер тежеу және тепе-теңдік жүйелері дербес жұмыс істесе ғана. Адам құқығы қағаз бетіне түскен бос сөз боп қалмай, қолданысқа енгізілуі керек. Әрине, шапшаңдықтың да тәуекелі бар. Өйткені аз уақыттың ішінде әкімшілік жүйелілік пен институционалдық тәртіп жан-жақты өтуді талап етілген. Міне, осы іске қосылған кезеңінде өзгерістің барын немесе оңтайландырылғанын көрсетеді.
Референдумның өзі атқару тәрті бар шара. Ал нақты шешім үкім күшіне енгеннен кейін басталады. Егер дауыс беру әділ әрі адалдықпен жүзеге асырылса, бұл айтарлықтай институционалдық эволюцияны барын көрсетеді. Ал егер олай өтпесе, ел есінде іс-әрекеті еш өзгермеген құрылымдық қайта құру боп есте қалады.
Тарих конституцияны оның әдемі жазылғанымен емес, билікті шектегенде өзін қалай ұстауымен өлшейді.