Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Халықаралық гуманитарлық флотилия белсенділері «Анадолу» агенттігіне Израиль әскері тарапынан көрген зорлық-зомбылықтары туралы баяндады.
Австралиялық дәрігер Уэбб-Пуллманның айтуынша, әскери қызметкерлер шабуыл кезінде өте агрессивті әрекет еткен: белсенділерді күшпен әскери кемелерге отырғызып, портта жерге сүйреп, «стресс-позаға» мәжбүрлеген.
«Бізді бір сағаттан астам ұстап тұрды, сол уақытта гимнді қайта-қайта қосып, ұрып-соқты. Бұл өте қорлайтын жағдай болды», – деді ол.
Франциялық белсенді Адриен Жуан денесіндегі жарақаттарды көрсетіп, барлық қатысушылардың физикалық қысымға ұшырағанын айтты: «Бұл азаптауға ұқсайды, бірақ палестиналықтардың көргендерімен салыстыруға келмейді».
Бельгиялық Арно Мейне де Израиль әскері оларды жарақатпен арнайы оқшаулағыш кемеге орналастырғанын, кейбірінде сүйек сынуы мен бас жарақаттары болғанын, тіпті сексуалдық зорлық-зомбылық орын алғанын жеткізді.
21 мамырда Turkish Airlines ұшағымен Стамбулға 422 қатысушы, оның ішінде 85 түрік азаматы жеткізілді.
Еске сала кетсек, «Global Sumud» флотилиясының «Көктемгі миссиясы – 2026» кезінде Израиль әскері 29 сәуірде Крит маңындағы халықаралық суларда заңсыз араласқан болатын. Кейін 18 мамырда тағы да 50 кемеге шабуыл жасалып, 428 белсенді ұсталды. Бұған дейін, 2025 жылдың тамызында да Израиль әскері флотилияға қарсы осындай әрекет жасаған еді.
Бүгін, 15:01