Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: ТЖМ архивінен
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, күндізгі сағат 09:16-да Глуховка ауылының тұрғынынан «Орленок» саяжайы маңындағы аумақта шөп пен бұталардың жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген.
«Жаңасемей филиалы Подгородное орманшылығының 144-орамындағы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа таралу қаупі бар екені анықталды. Қатты екпінді жел мен батпақты жер бедері өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты. Төтенше жағдайлар департаменті мен орманшылардың бірлескен күштерімен өрт сағат 11:56-да оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.
Үш жылдағы өзгеріс: Орман өрт сөндірушілерінің жалақысы екі есе өсті
Өртті сөндіруге су төгу құрылғысымен жабдықталған 1 тікұшақ, 12 автоцистерна және түрлі техникалар тартылған. Бұдан бөлек, ТЖД-нің 45 қызметкері жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 16 маусымда «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағында бір тәуліктің ішінде бірден 14 орман өрті тіркелген еді.