Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елге қорған болар сарбаздарды отан қорғауға баулып жүрген офицердің бірі – капитан Айдар Негаев. Қазір Атыраудағы барлаушылар батальонында рота командирінің орынбасары болып қызмет атқарады.
Айдар Хайдарұлы – Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Мұқыр ауылының тумасы. Көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесі тракторшы-машинист, анасы бала тәрбиесіне мән беріп, үй шаруасында болған.
«Бала кезімнен әскери салаға қызығатын едім. Бастапқыда әскери адамның формасы қызықтыратын еді. Кейін отанды қорғау үшін Қарулы күштер қатарында қызмет атқаруды мақсат еттім», дейді А.Негаев.
Оның негізгі мамандығы – педагог-психолог. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінде жоғары білім алған. Алайда бала кездегі арманы әскери салаға алып келді.
«Рота командирінің орынбасары ретінде маған жүктелген міндет бар. Бұл – жеке құрамды қарумен, оқ-дәрімен қамтамасыз ету, сақталуын қадағалау. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Қарулы күштер қатарындағы барша офицердің міндеті – елдің қорғаныс саласын жетілдіру, әскерге шақырылған жастардың ел қорғаны болатындай мықты сарбаз ретінде қалыптасуына атсалысу», дейді ол.
Қазақ офицері былтырғы сәуірде Голан жоталарынан оралды. Ол 2024 жылғы көктемде БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы (UNDOF) аясында Қазақстаннан аттанған дербес бітімгерлік контингентінің құрамында бір жыл бір ай болды. Ел бітімгерлері Сирия Араб Республикасының аумағындағы Голан жоталарында БҰҰ-ның ажырату аймағын бақылау миссиясына, әскери қақтығысты тоқтату режімін қамтамасыз етуге қатысты. Нақтысында бақылау бекеттерін күзетті. Сол кезде Айдар Негаев зымыран-артиллериялық қару-жарақ офицері міндетін атқарды.
«Бұл миссия Қазақстан бітімгерлерінің алғашқы дербес операциясы еді. Қақтығыс аймағында бітімгерлік миссиясын атқару оңай емес. Біз тәуелсіз әрі бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға қуандық. Тәуелсіздіктің қадірін терең сезіндік», дейді офицер.
Атырау облысы
Соңғы жаңалықтар
Айбын • Бүгін, 18:00
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Айбын • Бүгін, 17:20
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00