Голливуд жұлдыздары Paramount пен Warner Bros тың бірігуіне қарсы шықты

14.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Голливуд өкілдері Paramount Skydance компаниясының Warner Bros. Discovery-ді сатып алу мәмілесіне жаппай қарсы шықты. Block the Merger платформасында 13 сәуірде жарияланған ашық хатқа мыңнан астам индустрия өкілі қол қойған, олардың қатарында танымал актерлер, режиссерлер және сценаристер бар.

Қол қойғандардың ішінде Брайан Крэнстон, Джейн Фонда, Хоакин Феникс, сондай-ақ Бен Стиллер, Гленн Клоуз, режиссер Йоргос Лантимос және «Оскар» иегері Дени Вильнёв бар.

Авторлар бұл мәміле медиа нарығының одан әрі шоғырлануына, бәсекелестіктің азаюына және шығармашылық мамандар үшін жағдайдың нашарлауына әкеледі деп мәлімдейді.

Олардың пікірінше, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, фильм өндіру мүмкіндіктерінің шектелуіне және көрермендер үшін контент бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ АҚШ-тағы ірі киностудиялар саны азайып, саладағы монополиялану күшейеді деп ескертеді.

— Медиаиндустрияның шоғырлануы орта бюджеттегі фильмдердің жойылуын, тәуелсіз прокаттың әлсіреуін, халықаралық сату нарығының құлдырауын, кірістің едәуір бөлігінің жойылуын және кино титрлерінің тұтастығының бұзылуын жеделдетті. Бұл факторлардың жиынтығы бүкіл шығармашылық қауымдастықтың тұрақтылығына қауіп төндіреді, — делінген хатта.

Жауап ретінде Paramount Skydance киносаланың алаңдаушылығын ескеретінін және жылына кемінде 30 толықметражды фильм шығаруды, сондай-ақ тәуелсіз шығармашылық басқаруды сақтап, киноиндустрияны дамытуға ниетті екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, ақпан айының соңында Paramount Skydance Warner Bros. Discovery-ді сатып алу жөнінде келісімге келгенін жариялаған болатын. Компания басшысы Дэвид Эллисон бұл мәміленің мақсаты — екі студия мұрасын біріктіріп, жаңа буын медиа компаниясын құру екенін айтқан.

Netflix Paramount-тың жаңа ұсынысынан кейін Warner Bros компаниясымен келісімшарттан бас тартты.

Бұған дейін Netflix пен Warner Bros-тің бірігуі кинотеатрларға қиын соғуы мүмкін екені айтылған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью