Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. 1 тамыздан бастап Гонконгтің "Cathay" әуе компаниясы Астана қаласына тұрақты жүк рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды еліміздің көлік министрлігі.
Бұл туралы әуе компаниясының Таяу Шығыс өңірі бойынша өңірлік менеджері Оливер Коэльо Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиевамен өткен кездесуде айтты.
© Министерство транспорта КазахстанаВстреча председателя Комитета гражданской авиации Салтанат Томпиевой с региональным менеджером авиакомпании "Cathay" по Ближнему Востоку Оливером Коэльо
Встреча председателя Комитета гражданской авиации Салтанат Томпиевой с региональным менеджером авиакомпании "Cathay" по Ближнему Востоку Оливером Коэльо
© Министерство транспорта Казахстана
"Боинг-747" үлгісіндегі әуе кемелері аптасына 5 рейске дейінгі жиілікпен ұшады.
"Сонымен қатар әуе компаниясының өкілі 2027 жылдың қаңтар айынан бастап "Эйрбас-330" үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 3 рет жиілікпен Гонконг – Алматы бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді", - делінген министрлік хабарламасында.
Салтанат Томпиева аталған жобаларды іске асыруға Қазақстан тарапы қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жүк және жолаушылар рейстерін іске қосу үшін қажетті рәсімдерді бірлесіп жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы әуе қатынасын дамыту мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты сақтауға келісті.
Жаңа рейстердің ашылуы сауда-экономикалық және туристік байланыстардың одан әрі дамуына, логистикалық мүмкіндіктердің кеңеюіне, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді.
"Cathay" – Гонконгтың ұлттық әуе компаниясы және Азиядағы ең ірі халықаралық әуе тасымалдаушыларының бірі. Компания еншілес кәсіпорындарын қоса алғанда 237 әуе кемесін пайдаланады және 100-ден астам бағыт бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.