Google салығы : Қаңтар айында бюджет қоржыны 8,7 млрд теңгемен толықты

20.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Цифрлық экономика қарқынды дамыған кезеңде салық салудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету негізгі міндеттердің біріне айналды. Осы бағытта Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жүйелі әрі белсенді жұмыс жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

2022 жылдан бері елімізде цифрлық қызметтерге салынатын, көпшілікке «Google салығы» атауымен белгілі тетік қолданысқа енді. Осы уақыт ішінде 120 шетелдік компания шартты тіркеуден өткен. Соның 22-сі 2025 жылы тіркелген. Аталған кезеңде бюджетке түскен жалпы түсім көлемі 136 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде 2025 жылы 57,6 млрд теңге, ал 2026 жылғы қаңтар айында 8,7 млрд теңге түскен.

2025 жылы Google-дан ең көп ізделген сұрақтар қандай?

Салық кодексіне сәйкес екінші деңгейдегі банктер мен төлем ұйымдары шартты тіркеуден өткен шетелдік компаниялар жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. Бұл деректер Қазақстан аумағында жеке тұлғаларға электрондық сауда арқылы тауар сату және цифрлық форматта қызмет көрсету кезінде салық міндеттемелерінің толық әрі уақтылы орындалуын талдауға пайдаланылады.

Жаңа Салық кодексі халыққа не береді?

Мемлекеттік кірістер органдары екінші деңгейдегі банктер мен төлем ұйымдарының мәліметтерін шетелдік компаниялар төлеген қосылған құн салығы туралы деректермен салыстырып, камеральдық бақылау жүргізеді. Төлемеу немесе толық төлемеу деректері анықталған жағдайда, алшақтықтар туралы тиісті хабарламалар жолданады.

Apple Google компаниясымен тағы бір келісімшартқа қол қойды

Сонымен қатар Салық кодексінің 89-бабына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап камеральдық бақылау нәтижелері бойынша жіберілген хабарламаларды, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы талаптарды орындамаған шетелдік маркетплейстердің интернет-ресурстарын бұғаттау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін нормалар қарастырылған.

Бұл шаралар отандық және шетелдік нарық қатысушылары үшін тең бәсекелестік орта қалыптастыруды, цифрлық кеңістіктегі салық тәртібін күшейтуді және құжаттық салықтық тексерулерсіз-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуды көздейді.

Еске сала кетейік, бұдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Google компаниясының өкілін қабылдаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын

Референдум • Бүгін, 09:45

Қай өңірлерде жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:28

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:25

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Қысқы спорт • Бүгін, 09:10

Полигон аймағы игеріледі

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Шаруашылық іріленбей, ауыл көркеймейді

Экономика • Бүгін, 09:00

Конституциялық реформа: Сенаторлар өңірлерге барады

Саясат • Бүгін, 08:58

Жекеменшік мектеп: Сапа жүйелі менеджментке тәуелді

Білім • Бүгін, 08:55

Отбасы құндылығы – бұлжымас қағидат

Ата заң • Бүгін, 08:53

Жаңашыл ұстаздың «Сыр сандығы»

Ұстаз • Бүгін, 08:50

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам

Қоғам • Бүгін, 08:43

Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе

Тарих • Бүгін, 08:40

Сенімді күшейтуге көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью