GPA көрсеткішін көтеріп беремін : елордада алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

19.06.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Тергеу барысында, күдікті өзін жоғары оқу орындарында ықпалды таныстары бар адам ретінде таныстырып, "университеттегі рейтингті өзгертіп беремін", "GPA-ді көтеріп беремін" деп уәде берген.

Осылайша ол екі азаматтың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 2,5 млн теңге ақшаны иемденіп алған.

Алайда күдікті уәде етілген қызметті орындамаған. Ақшаны алғаннан кейін түрлі сылтаулар айтып, кейін байланысқа шықпай, "ізін суытқан".

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью