Гран при турнирі: Ғұсман Қырғызбаев бүгін финалда екі дүркін олимпиада чемпионымен белдеседі

26.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: ҰОК

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев жарысты сәтті бастады. Алғашқы белдесуде ол моңғолиялық Турболд Тумурхууды жеңіп, Черногория өкілі Юсуф Нуркович пен әзербайжандық Руслан Пашаевтан айласын асырды. 

Жартылай финалда бразилиялық Роналд Лимадан басым түсіп, финалға жолдама алды. 

Ғұсман Қырғызбаев: Қола жүлденің құнын елге келгенде сезіндім

Шешуші белдесуде отандасымыз олимпиада чемпионы әрі төрт дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен сынға түседі.

Айта кетейік, финалдық сессияда Елдос Сметов та бақ сынайды. Олимпиада чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі. Медальдар сарапқа салынатын финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген болатын. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью