Grand Slam Tashkent 2026 турниріне баратын Қазақстан құрамасы анықталды

24.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Беделді бәсекеде еліміздің атынан ерлер құрамасында 13, әйелдерде 1 спортшы татамиге шығады.

Ерлер:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар

66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келі: Ангсарбек Гайнуллин, Әнуар Жұмагелдин

81 келі: Аскар Нарқұлов, Мәди Амангелді

90 келі: Барақ Арқабай

100 келі: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев

100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер:

78 келіден жоғары: Назгүл Маратова.

Халықаралық Grand Slam Tashkent-2026 турнирі Өзбекстан астанасындағы «Хумо Аренада» 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 40-тан астам елінен 380 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс IJF әлемдік турының маңызды бөлігі болып табылады. Онда әлемдік рейтинг бойынша ұпай есептеледі. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью