Grand Slam турнирі: қазақстандық балуандар 7 ақпанда кімдермен белдеседі

07.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жарыстың алғашқ күнінде алты отандасымыз татамиге шығады. Олар 60 ,66, 73 келіде сынға түседі. Әрбір салмақта екі балуаннан бақ сынайды.

60 келі. Шерзод Давлатов - Ицхак Ашпиз (Израиль)

60 келі. Аман Бақытжан - Захари Дижол (Франция).

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев екінші айналымнан бастайды.

66 келі. Бауыржан Нарбаев - Юн Чжун Лим (Оңтүстік Корея)

73 келі. Есет Қуанов - Джейсон Зако (Оңтүстік Африка Республикасы)

73 келі. Дастан Шаяхметов - Эуклидис Лопес (Гвинея-Биссау).

Ертең, 7 ақпан күні Grand Slam жарысы Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады. Финалдар 21:00-ге жоспарланған.

Сондай-ақ ел құрамасынан 81 келіде Абылайхан Жұбаназар мен Әділет Алмат, 90 келіде Айдар Арапов, 100 келіде Марат Байкамуров пен Нұрлыхан Шархан, 100 келіден жоғары салмақта Ғалымжан Қырықбай татамиге шығады.

Әлемдік додаға 82 елден 529 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Аталған турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью