Грант конкурсына құжат бір апта қабылданады министрлік

17.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі грант конкурсына құжат қабылдау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады.

"Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады", - дейді министрлік мамандары.

Грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:

жеке куәлік;

ҰБТ сертификаты;

3х4 көлеміндегі фото;

орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;

жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;

Ал "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық қорытындысы қажет.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью