Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық: СІМ мән жайды түсіндірді

03.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақтөбе тұрғыны ұлының Грекияда 125 жылға бас бостандығынан айырылып, 1 млрд теңгеге жуық айыппұл арқалағанын мәлімдеді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты BAQ. kz- ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грекияда жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматы туралы хабардар екенін мәлімдеді.

Аталған азамат Грекия сотының шешімімен заңсыз мигранттарды тасымалдағаны үшін жауапкершілік көзделген бап бойынша сотталған. Бұл әрекет жергілікті заңнамаға сәйкес ауыр қылмыстар санатына жатады. Грекиядағы қазақстандық дипломаттар өз құзыреті шегінде азаматқа қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Мәселе министрліктің бақылауында, – деп жауап берді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік,и Aktobe Times басылымының мәліметінше, редакцияға жергілікті тұрғын Нұрхан Қадырова жүгінген. Оның айтуынша, 24 жастағы ұлы Рашид Қадыров Түркиядағы жұмыс туралы хабарландыруға қызығушылық танытып, кейін Грекияда ұзақ мерзімге сотталған.

– Рашид – ортаншы ұлым. Ол заттарын жинап, ешкімге ештеңе айтпастан кетіп қалды. Кейін маған оның жұмыс істеу үшін Түркияға ұшып кеткенін айтты. Бұл мен үшін үлкен соққы болды. Біраз уақыттан соң ол бейтаныс нөмірден хабарласып: «Анашым, мен түрмедемін, Грекиядамын» деді. Ол Instagram желісінен жұмыс туралы хабарландыру көргенін айтты. Жол ақысын төлеп, туристерді моторлы қайықпен серуендетуге байланысты жұмыс ұсынған. Кейін оның заңсыз мигранттарды тасымалдау екені белгілі болған. Ұлым өзінің қандай іске араласып кеткенін түсінбеген, – деді әйел.

Нұрхан Қадырованың сөзінше, оның ұлы шет тілдерін білмейді, ал тергеу кезінде жанында аудармашы болмаған.

Оның айтуынша, құжаттарға қол қоймаса, жаза мерзімі бұдан да ұзақ болатынын ескерткен. Қазір оны 125 жылға бас бостандығынан айырып, теңгеге шаққанда шамамен 1 млрд теңге көлемінде айыппұл салған. Ол әлі жас, ақша табамын деп барып, осындай ауыр жағдайға тап болды, – деді әйел.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью