Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: BILD
BILD мәліметінше, Беотия өңірінде өрт салдарынан 100 мың гектар аумақ жанып кеткен. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру авиациясының 10 ұшағы мен 14 тікұшағы, сондай-ақ 500 өрт сөндіруші жұмылдырылған.
Өрт туристер көп баратын Кефалония аралында да өршіп тұр. Осыған байланысты бүгін таңертең қонақүйлер мен демалыс орындарынан адамдар эвакуацияланды. Сондай-ақ бірнеше ауылдың тұрғындарына қауіпсіз аймақтарға көшу туралы нұсқау берілді.
Грекияда аптап ыстық пен қатты жел сақталып отыр. Бұл жағдай өрттің одан әрі таралуына қолайлы жағдай жасап отыр.
Айта кетейік, Түркияда ауқымды орман өрттері тіркелді. Бірқатар курорттық аймақтарда эвакуация жүргізілді. Мұғла провинциясында ауыл шаруашылығы алқаптарынан басталған өрт орман аумағына таралған.