Гренландия төтенше жағдай жоспарын енгізді

24.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Гренландия үкіметі халықты төтенше жағдайға дайындайтын жоспар жариялады. 

Тұрғындарға кем дегенде бес күнге жететін азық-түлік, ауыз су және дәрі-дәрмек қорын әзірлеуге кеңес берді. Арнайы шығарылған нұсқаулықта байланыс пен жылу беру жүйесі істен шыққан жағдайда не істеу керектігі айтылады. Жобаны полиция, әкімшілік және құтқарушылар бірлесіп жасаған. Арктиканың қатаң климаты ескерілді. Былтыр елде электр жарығы өшіп тұрды. «Қақтығыс болмаса да тұрғындар төтенше жағдайда не істеу керектігін нақты білуі қажет», - деді елдің премьер министрі. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью