24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Грозный қаласында Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағы құрбандарын еске алуға арналған мемориал ашылды.
Ескерткіш тақта Гейдар Әлиев атындағы саябақта орнатылды. Осыдан тура бір жыл бұрын Баку-Грозный бағытымен ұшқан Embraer-190 ұшағы Ақтау маңында құлап, 38 адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Қазақстанның алты азаматы, тағы 29 жолаушы аман қалды.
Мансур Солтаев, Шешен Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі:
"Бұл шынымен де үлкен азап, трагедияға толы оқиға. Біз бүгін сол ұшақ апатын еске алу үшін мемориал ашамыз. Біз үшін осы ұшақ апатында болған әрбір азап, әрбір өлім орны толмас қайғы".