Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстанның Грузиядағы елшілігі 7 жастағы қыз баланы елге қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстанның Грузиядағы елшілігі 7 жастағы қыз баланы елге қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баланы елге қайтару шаралары алты ай бойы жүргізілген. Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылған.
"Қажет құжаттар рәсімделіп, барлық рәсім заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды. Қазір қыз бала қауіпсіз жағдайда, оған психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, баланың мүддесі ескеріліп, заңнама талаптарына сәйкес оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылады", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, баланың құқығын, қауіпсіздігін қорғау мақсатында оның жеке дерегі, оқиғаға қатысты өзге де мәлімет жария етілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!