Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеудегі азаматты экстрадициялады.
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан Алматыға жеткізілді. Оған 2022 жылы Алматы қаласында азаматтарды ұрлап, олардың мүлкін қарақшылық жолмен тартып алды деп айып тағылды. Күдікті тергеуден жалтару мақсатында шекара асып, бірнеше жыл бойы шетелде бой тасалаған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, тағылған айыптар дәлелденген жағдайда оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.