Грузиядағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

17.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Тбилиси қаласында (Грузия) дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала өтінімдерін жариялады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапында 12 спортшы бар.

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин

81 келіге дейін: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов

90 келіге дейін: Барақ Арқабай

100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Тбилисидегі Grand Slam турнирі 20-22 наурыз аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью