Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды

15.12.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Көлік министрлігі Грузия бағыты бойынша жаңа рейстің ашылғанын хабарлады.

Министрлік ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.

"Осы жылдың 15 желтоқсанынан бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы "Шымкент" – "Тбилиси" бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты", - деп жазылған хабарламада.

Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және жұма күндері "Boeing 737 MAX 8" және "Boeing 737–800" типті әуе кемелерімен орындалады.

Ведомство хабарлауынша, аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью