Гуанчжоуда Бас консулдық ашылды

13.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сурет: Gov.kz

Бас консулдықтың ашылу салтанатында еліміздің ҚХР-дағы елшісі Шахрат Нұрышев қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде екенін әрі мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухында дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Гуанчжоу қаласында Бас консулдықтың ашылуы өңіраралық өзара іс-қимылдың маңызы артып келе жатқанын көрсетеді, сондай-ақ Қытайдың оңтүстік өңірлерімен ынтымақтастығын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Елші сондай-ақ Гуандун өлкесінің Қытайдың жетекші экономикалық, иннова­ция­лық және өнеркәсіптік орталық­тары­ның бірі екенін атап өтіп, оның сауда, инвестициялар, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, электрондық коммерция, логистика, инновациялар мен мәдени-гуманитарлық алмасулар салаларында Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты дамытуда елеулі әлеуетке ие екенін айтты.

Ал ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Бинь еліміздің Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығы Қазақстанның Қытайдағы төртінші консулдық мекемесі екенін және ол Қазақстан мен Қытайдың оңтүстік өңірлері арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұған қоса ол Қытай тарапының жаңа дипломатиялық өкілдіктің қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Гуандун өлкесінің Халық үкіметі партиялық тобының мүшесі Чэнь Лянсянь да Қазақстанның Гуандун өлкесінің Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі екенін атап өтті. Сонымен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық деңгейі тұрақты өсім көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

Елшінің айтуынша, еліміздің Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығының ашылуы – Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы тарихындағы маңызды уақиға. Жаңа консулдық мекеме саяси диалогті одан әрі нығайтуға, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілетуге, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал етеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью