Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Ақмола облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер Степногорскідегі 20 жастағы тұрғынның үйінен жабдықталған фитозертхананы анықтады. Ведомство мәліметінше, бөлмеде үй өсімдіктерінің орнына каннабис бұталары өсірілген.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полицейлер пәтерден өсімдіктерді үй жағдайында өсіруге арналған бокстарды, жылытқыш шамдарды, термометрлерді, ауа ылғалдандырғыштарды, тыңайтқыштар мен фитозертханада қолданылатын басқа да құралдарды тәркіледі.
"Сондай-ақ каннабис бұталары анықталды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, құрамында есірткі бар өсімдіктер қандай мақсатта өсірілгенін тексеріп жатыр.
Полиция заңсыз есірткіні өсіру, сақтау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться