Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Тараздық студент кәмелет жасына жеткенде миллионер атанып үлгерді. 18 жастағы Қайырбек Байғабыл біршама уақыт бұрын гүл өсіріп, табыс табуға тәуекел еткен. Саннан бұрын сапаға ден қойған өрімдей жас әуелі Нидерланд пен Қытай еліндегі нарықты зерделеп, аталған мемлекеттерден гүл көшеттеріне тапсырыс берген. Дербес азамат ретінде кәсіп бастауға бел буған студенттің ісі бірден алға басқан. Өйткені оның отбасына бұл шаруа таңсық емес.
Адал еңбегімен нәпақа тапқысы келген жас жігіт гүл көшеттері келген соң бөлме гүлдерін баптауға кіріседі. Уақыты жеткенде өскен гүлдерді рет-ретімен нарық бағасына сай сатылымға шығара бастапты. Студенттің қолға алған кәсібі ай өткен сайын алға жылжыпты. Айтуынша, бастапқыда айына 500 мың теңге шамасында кіріс кірсе, қазір 5 миллион теңге көлемінде табыс тауып отыр екен. Әрине, өз ісін жетік меңгеруге ден қойған азаматтың алға қойған ауқымды жоспары да бар. Болашақта кәсібінің аясын кеңейтуге тәуекел еткен.
Ол тосыннан тың жол тауып түрен салмаса да, бастапқыда анасы дағдыланған кәсіпті таңдаған көрінеді. Қайырбек қазір өңірдегі ең жас кәсіпкерлердің санатына еніп үлгерген. Уақыт өте келе, ол өзінің достары мен бауырларын да осындай кәсіп бастауға үгіттепті. Бүгінде 10 азаматты жұмыспен қамтып, ай сайын 200 мың теңге шамасында жалақы беріп отыр.
«Халықаралық арулар мерекесі қарсаңында 15-20 млн теңге шамасында шығындалған едік. Бүгінге дейін шыққан шығынның жартысын қайтарып үлгергенімізді айта кеткен жөн. Кез келген кәсіп секілді түсіне білген адамға бұл да оңай шаруа емес. Әр нәрсенің мехнатына төзуге тура келеді. Гүлді өзіміз мұқият баптап, өсіріп жүрген жайымыз бар. Уақтылы суарып тұрамыз. Ерінбей еңбектенсең, гүл де жайқалып өседі, оған деген сұраныс та артады.
Дәл қазір тез арада гүлдемейтін гүлдерді өсірудің маңызы зор деп есептеймін. Мәселен, Макла Макфикус, Фикус Бенжемин, Шефлера және Фикустың өзге де сұрыпты гүлдері ешқандай гүл ашпайтынын ескерген ләзім. Біз де осы мәселеге айрықша назар аударып жүрміз. Мұның бәрі уақытпен, тәжірибемен келетінін бір кісідей түсіндік», дейді жас кәсіпкер.
Қайырбек бұл кәсіпке тосыннан келмеген екен. Гүл өсіру ісі 12 жыл бұрын отбасылық бастамадан бастау алған көрінеді. Анасы үй жағдайында жарты мыңға жуық гүлді баптап, кішігірім саудамен айналысуға бет бұрыпты. Содан бері бұл отбасы осы кәсіпті табыс көзіне айналдыра бастапты. Ал Қайырбектің бойындағы қызығушылық 9-сыныпта оянған екен. Ұлының бойындағы құлшынысты байқаған ата-анасы қолдау көрсетіп, жігерлендірген. Осылайша, ол ізденіс ізіне түсіп, кәсіпті әрмен қарай дамыту жолын қарастырған.
Қазір гүл саудалап толайым табысқа кенеліп отырған жас кәсіпкер әуелгі табысын 8-сыныпта тауып үлгеріпті. Ол кезде Қайырбек еліміздегі карантинді пайдаланып, медициналық бетперде сатуға ден қойған. Сол уақытта кәсіп ашуға, оны дамытуға деген құлшынысы айтарлықтай артқан көрінеді.
Қайырбектің қалауымен салынған жылыжай дәл қазір құлпырып-ақ тұр. Мұндағы сан түрлі бояу көздің жауын алатыны ақиқат. Жылыжайда қазіргі кезде гүлдің
50 түрінің 6 мың данасы жайқалып өсіп тұр. Айтуынша, Гардения және Цикломен секілді гүлдер минус 10 градусқа төзімді көрінеді.
Қарапайым отбасында өскен азамат қазір Шерхан Мұртаза атындағы Тараз университетінің заң факультетінің 1-курс студенті. Ұдайы ізденіс ізінде жүрген жас кәсіпкер қандай да бір кәсіпті бастар алдында оны толыққанды зерделеудің маңызы зор деп есептейді. Оның айтуынша, тынымсыз ізденіс қана тұрақты табысқа бастайды. Өз ісін жан-жақты зерттеген адам ғана тәуекелге бел буа алады. Гүл өсіріп нәпақа айырып, адамдарды жұмыспен қамтып отырған азаматқа табысың ортаймасын дегеннен басқа айтарымыз жоқ.
Жамбыл облысы
Соңғы жаңалықтар
Жүйелі жұмыс: заңсыз алынған жер қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы
Форум • Бүгін, 09:15
Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10
Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды
Форум • Бүгін, 09:05
Қостанайда жасалған қуатты комбайн
Өндіріс • Бүгін, 09:00
Мүлікті қорғаудың тиімді тетігі
Құқық • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:50
Экономика • Бүгін, 08:45
Руханият • Бүгін, 08:40
Таным • Бүгін, 08:35
Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол
Қоғам • Бүгін, 08:25
Гүл өсіріп табысын еселеген студент
Еңбек • Бүгін, 08:20
Қоғам • Бүгін, 08:15
Өнер • Бүгін, 08:10