Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
№103 сайлау учаскесіндегі дауыс берген «Әділет» партиясының байқаушысы Гүлдана Әлмахан Түркістан облысы бойынша Құрылтай сайлауының қалдай өтіп жатқаны жайында айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесі заң талаптарына сай өтіп жатыр. Қазіргі уақытта ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Учаскеге келіп жатқан сайлаушылардың қарасы қалың. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың белсенділігі қуантады.
Әр азаматтың өз таңдауын жасап, дауыс беруі – елдің қоғамдық-саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі деп ойлаймын. Сайлау процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуі – баршамыз үшін маңызды», – дейді Гүлдана Әлмахан.
Айта кетейік, Түркістан облысында 952 сайлау учаскесі жұмыс істеп, 1,2 миллионнан астам азаматтың дауыс беру құқығы бар. Сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 20,39 пайызы өз таңдауын жасаған. Өңірдегі сайлау барысын 32 қоғамдық бірлестіктің өкілдері бақылап жүр.