Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бүгін Батыс Қазақстан облысының Өркен ауылында «Ауыл» партиясынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Серік Егізбаев, Қажгалей Мұқатов және Жаслан Жақыповтың «Энергетик» ШҚ фермерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кандидаттар аталған мәселелердің басым бөлігі «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын атап өтті.
Атап айтқанда, партия аграршыларды уақтылы әрі әділ субсидиялауды, Агробанк құру арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолжетімді қаржы құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз етуді, кооперацияны дамытуды, өнімді кепілді өткізудің тиімді тетіктерін қалыптастыруды және өндірушілердің шығындарын азайтып, өнім өткізудің тиімділігін арттыратын заманауи агрологиялық инфрақұрылымды дамытуды қолдайды. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламада ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға ерекше мән берілген. Партия өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру көлемін арттыруға, республикалық, облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту мен сапалы күтіп-ұстауға, ауылдық елді мекендерді заманауи инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде бизнесті дамытуға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасауға күш салатынын жеткізді.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының «Гүлденсе ауыл, гүлденеді еліміз!» атты сайлауалды бағдарламасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өткізудің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған негізгі басымдықтары таныстырылды.