Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (видео)

29.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әнші Гүлнұр Оразымбетова күйеуі, мемлекет және қоғам қайраткері Серікбай Өрікбайұлының 70 жас мерейтойын атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Әнші әлеуметтік желіде мерейтойдан видео жариялады. Ол жолдасына арнап «Өмір жолы» әнін орындаған.

«Өмір жолы… Мерейтой... Бұл жолы жыл сайынғы тойлана салатын туған күн емес. Әнші болғаннан кейін қандай ән орынды болар екен деген сұрақ пен жауапкершілік тұрды. Сәті түсіп, Гүл әпшеммен шай ішудің сәті түсе қалды. «Жұбаныш Жексенұлы бұрын орындаған бір күшті ән бар. Соны орындасаң жарасымды болады» деді.Ән бір тыңдағаннан ұнады. Жүрегіме қатты әсер еткені сонша, көзіме жас келді. Сондай идеядан «Өмір жолы» өмірлік сәттердің куәсіндей кеш қонақтарының жүрегіне жетті. Бұл әнді тыңдаған әр жанның өмір жолы көз алдынан кино лентасындай өтері сөзсіз… Өмірдің әрқайсымыз үшін дайындаған мәнді де, мағыналы,қуанышты сыйы таусылмасын», - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Мерейтойға әншінің өнердегі достары мен әріптестестері келген. Олардың қатарында Мақпал Жүнісова, Жанболат пен Жазира, Ләйлә Сұлтанқызы, Қарақат Әбілдина бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью