Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Жарыс қорытындысы бойынша, Monkey King командасының Найзағай атты роботы 50 минут 26 секундта мәрені алдымен қиып өтіп, биыл наурыз айында Лиссабон жартылай марафонында угандалық жеңіл атлет Джейкоб Киплимо орнатқан 57 минут 20 секундтық әлемдік рекордты жаңартты.
Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, марафонда шектеуді бұзу мен үздіксіз ұмтылу бәрінен маңызды, робототехника саласының дамуы да марафон секілді ұзақмерзімді инвестициялау мен табанды жаңғыртуды қажет етеді.
Ашық дереккөздерден белгілі болғандай, Бейжің Ичжуан роботтар жартылай марафоны - Қытай жеңіл атлетика қауымдастығы сертификаттаған A1 санатындағы жарыс. Марафон аясында биыл алғаш рет «адам мен роботтардың қатар жүгіруі» іске асырылды, атап айтқанда, марафоншылар мен гуманоид роботтар қауіпсіздік мақсатындағы оқшаулау шаралары қолданыла отырып, бір трассада қатар жарысты. Бұл бастама гуманоид робот технологиясын қалалық ортада сынақтан өткізуге және тәжірибелік тұрғыда қолдануды дамытуға бағытталған.
Еске сала кетейік, роботтар арасындағы жартылай марафон бірінші рет 2025 жылғы 19 сәуірде өтті және ол гуманоид роботтардың алғашқы әлемдік жартылай марафоны ретінде тарихқа енді.