Гватемала президенті елде қылмыстың күрт артуына байланысты төтенше жағдай жариялады | Qaz…
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
- Мен бүгіннен бастап бүкіл ел бойынша 30 күндік қоршау режимін енгізу туралы шешім қабылдадым.
Оның мақсаты – азаматтардың қорғанысы мен қауіпсіздігін кепілдендіру және мемлекеттің барлық күшін, ең алдымен Гватемаланың Ұлттық азаматтық полиция мен армиясын бандылармен күресу және олардың лаңкестік әрекеттерінің алдын алу үшін пайдалану, - деді мемлекет басшысы жергілікті теледидардан көрсетілген халыққа үндеуінде.
Президент биліктің қылмыстық құрылымдарға жеңілдік жасау ниеті жоқ екенін және заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіру үшін қатаң шаралар қабылдауды жалғастыратынын атап өтті.
Ол зорлық-зомбылықтың күрт артуы қылмыстық топтардың жаппай тәртіпсіздіктер мен кепілге алу орын алған түрмелерді бақылауға алу жөніндегі үкіметтік операцияларға жауабы екенін мәлімдеді.
Президент бірлескен қауіпсіздік операцияларының нәтижесінде мемлекет бірқатар түзеу мекемелерін бақылауға толықтай қол жеткізіп, барлық ұсталғандар босатылғанын хабарлады.
Президент төтенше жағдай жариялау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей қатысты шараларды қоспағанда азаматтардың күнделікті өміріне, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер жұмысына немесе халықтың қозғалыс еркіндігіне әсер етпейтініне сендірді.
Аревало сондай-ақ қылмыстық топтар шабуылдарының құрбаны болған полиция қызметкерлерінің қазасына байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Читать полностью
Читать новость