Ғылым мен білім болашақтың кілті

06.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ел экономикасы тұрақты даму үшін білім мен ғылым көш басына шығу керек. Ол үшін педагогтар да жаңа технологияны меңгеруі тиіс.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті осы мәселеге басымдық беріп отыр. Оқу орнының стратегиялық жоспары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатындағы білімді ұрпақ, озық технологиялы экономика идеясына сай жүріп жатыр. Университетте AI-Sana бағдарламасы аясында «Жасанды интеллект негіздері» пәні оқытылып келеді. Сонымен қатар ғылымға да басымдық беріледі. Мысалы, докторанттарға бөлінген грант саны, үш жылда төрт есе өсті. Елдегі тұңғыш жоғары оқу орны 2029 жылы Орталық Азиядағы алғашқы педагогикалық зерттеу университеті мәртебесіне ие болуды көздейді.

Болат Тілеп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры:

- Жасанды интеллектпен жұмыс істеу көзге оңай көрінгенмен өте күрделі дүние. Ең алдымен баланың ойлау қабілетінде тежегіш болмау керек, ол - технологиялар. Әрине, бұл жерде жалпы баланың рухани дамуына, баланың ой-өрісінің кеңеюіне жасанды интеллект көмекші құрал ретінде болуы керек.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью