Ғылым министрлігі оқытушыны пышақтаған студентке қатысты түсініктеме берді

25.12.2025

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

— Әрине, мұндай жайтқа жол беруге болмайды. Қалай дегенде де бұл оқу орны әрі ең басты міндет — оқу процесі мен білім сапасын қамтамасыз ету. Аталған жағдайда бұл студент пен оқытушы арасында болған жеке жайт. Біздің ақпаратымыз бойынша, оқытушы, оның жанында болғандар бірден дұрыс әрекет еткен. Оқытушы бүгінде жұмысына қайта кірісті, жұмыс орнында, — деді ол Сенатта БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, студентке қатысты мәселе заңнамада белгіленген тәртіппен қаралып, содан кейін ғана тиісті шара қолданылады.

— Университет бұл мәселені сөзсіз қарайды, Әдеп жөніндегі кеңесі бар. Ол жерде қауіпсіздік нашар болды деп айта алмаймын, — деді вице-министр.

Бұған дейін Алматыдағы ALT University студенті оқытушыны пышақпен жарақаттағанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью