Ғылым қалашығында қоныс той

25.02.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Тоқсаныншы жылдары Семей ядролық полигоны жабылған соң, миссиясы аяқталғандай көрініп, ел назарынан тыс қалған Курчатов қаласы бүгінде қайта жанданды. Оған себеп – Президенттің Курчатовқа еліміздегі ғылыми қалашық мәртебесін беру туралы бастамасы дейді тұрғындары. Бүгінде қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы жаңарып, тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріліп, ірі өндірістік жобалар жоспарланып отыр. Соның айқын дәлелі – Школьная көшесіндегі 36 пәтер кілті ел игілігіне берілуі дер едік, деп жазады Egemen.kz

Бұл жолы 22 отбасы баспаналы болды. Ал алдағы айларда тағы 14 пәтер берілмек. Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен  Курчатов қаласында болып, салтанатты жиынға қатысты. Былтыр жеке инвестор есебінен шаһардағы Школьная көшесінде орналасқан 36 пәтерлі төрт қабатты тұрғын үйді қалпына келтірілген. Онда 8 бір бөлмелі, 16 екі бөлмелі және 12 үш бөлмелі пәтер бар. Аталған баспаналар халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы кезекте тұрған азаматтарға арналған. Бүгінде пәтерлер толық сатып алынып, тұрғындарға бөлу үшін «Отбасы банк» АҚ-ға берілді.

«Бүгін ел үшін елеулі, халық үшін қуанышты сәтке жиналып отырмыз. Бүгін 22 отбасы қоныс тойын тойлайды. Алдағы айларда тағы 14 пәтер осы санаттағы азаматтарға берілетін болады. Яғни, 36 отбасы баспанаға қол жеткізеді. Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, жетім балаларға беріліп отыр.  Бұл – жай ғана баспана емес, жаңа өмірдің, ертеңгі күнге деген үміт пен сенімнің бастауы. Бұл – мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің нақты көрінісі. Алдағы уақытта қаладағы осындай үш көп қабатты үй қайта жаңғыртылып, халықтың игілігіне берілетін болады», деді Берік Уәли.

Облыс әкімі жаңа қоныс иелерін қоныс тойымен құттықтаған ол еліміз үшін тарихи таңдау Конституциялық референдум тұрғанын, бұл мемлекеттілігімізді нығайту мен демократиялық құндылықтарды орнықтыру жолындағы жауапты қадам екенін де айта кетті. Сонымен қатар жаңа қоныс иелері де өз ризашылықтарын жеткізді.

«Бүгін біз үшін ерекше күн. Жылдар бойы кезекте тұрған тұрғындар баспаналы болып, қуанып жатыр. Қаламыз күннен күнге көркейіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Курчатовқа «ғылым қаласы» мәртебесі берілетінін естіп жатырмыз. Осындай қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығымызды білдіреміз», деді қала тұрғыны Қабдрашит Төлеуханұлы.

Қалалық әкімдіктің дерегінше, Курчатовта қуаттылығы 700 МВт болатын конденсациялық электр станциясын, көмірді терең өңдейтін көмір-химия кешенін салу сынды ірі жобаларды іске асыру жоспарланған. Бұған қоса жылына 150 мың тонна молибден кенін өңдейтін байыту фабрикасын салу көзделіп отыр екен.

«Инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыс атқарылуда. 2025 жылы «Курчатов–Павлодар» автожолының учаскесі пайдалануға берілді. «Семей-Курчатов» тас жолына республикалық маңызы бар жол мәртебесі беру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл алдағы уақытта жол сапасын арттырып, қатынас тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Қаланың көше-жол желісін жаңғырту аясында асфальттың бірінші қабаты төселді, 2026 жылы екінші қабатын төсеу жұмыстары аяқталады. «Қазцинк» АҚ демеушілігімен аулаішілік жолдар 100 пайыз жаңартылды», дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Олардың мәліметінше, 2025 жылы қайта жаңғыртылған Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі қолданысқа берілді. Жастарға арналған ғимарат қалпына келтіріліп, екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қаладағы №2 орта мектеп толық жаңғыртылды. Сонымен қатар «Дегелең» станциясында теміржол перронын жаңарту және жаңа вокзал ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Қала әкімі Болат Әбдіралиевтің айтуынша, Курчатов қаласына 2026–2035 жылдарға арналған ғылым қалашығын дамыту жобасы әзірленіп жатыр. Мұның әсері қаланың қайта жандануына зор әсер етпек.

«Қалада қажетті әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым қалыптасқан, сондай-ақ аумақтық кеңеюге мүмкіндік беретін бос жер телімдері сақталған. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі 2026–2035 жылдарға арналған Курчатов қаласында ғылым қалашығын дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Ғылым қалашығы мәртебесін беру рәсімдерін 2026 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Аталған мәртебе берілген жағдайда қала әлеуметтік, экономикалық және демографиялық даму тұрғысынан жаңа серпін алып, халықаралық ғылыми жобалар мен инвестициялар тарту үшін тартымды орталыққа айналады», деді қала әкімі.

Расында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Курчатов қаласының ғылыми әлеуетіне арнайы тоқталып, оны еліміздегі екінші ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселесін көтерген болатын. Президент Үкіметке және тиісті ведомстволарға қалада ғылым қалашығын қалыптастырудың нақты жоспарын әзірлеуді тапсырған.

Болат Таңсықбайұлының айтуынша, жоба аясында жоғары технологиялық өндірістерді қолдау, басым ғылыми және ғылыми-техникалық бағыттарды дамыту, инновациялық қызметті ілгерілету, ғылыми және білім беру инфрақұрылымын нығайту, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мен инвестициялар тарту тетіктерін жетілдіру көзделген.

Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді

Айта кетейік, өткен аптада Семей қаласында Ұшақтар кентіндегі әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 60 пәтерлі берілсе, Қарағайлы ықшам ауданында былтыр жалпы аумағы 27 мың шаршы метр болатын 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша, Абай елінде бір аптада ішінде елу шақты түтін жаңа үйлі болып, қоныс тойын тойлады.

Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады

Соңғы жаңалықтар

Жалпыұлттық коалиция Қарағанды облысында бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

Яна Легкодимова ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қоғам • Кеше

Жамбыл облысында орындықтарды алып тастап адам тасыған автобус анықталды

Аймақтар • Кеше

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды

Аймақтар • Кеше

Еңбек ұжымдарынан зиялы қауымға дейін: Қарағанды облысында Конституция жобасы бойынша ашық диалог өтті

Ата заң • Кеше

Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды

Қоғам • Кеше

Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Қазақстан • Кеше

Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды

Оқиға • Кеше

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады

Теннис • Кеше

Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады

Ата заң • Кеше

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?

Қоғам • Кеше

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?

Қоғам • Кеше

Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?

Қоғам • Кеше

Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью