Ғылым және жоғары білім министрі ҰБТ дан 140 балл жинаған түлекпен кездесті

16.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кездесу барысында министр талапкерді жоғары нәтижесімен құттықтап, бұл жетістік қажырлы еңбек пен жүйелі дайындықтың, білімге деген ұмтылыстың нәтижесі екенін атап өтті.

«Бұл жетістік – табандылықтың, мақсатқа адалдықтың және үздіксіз еңбектің жемісі. Сенің нәтижең мыңдаған талапкерге үлгі болады деп сенемін. Алдағы студенттік өміріңе сәттілік, таңдаған мамандығыңда биік белестерді бағындырып, еліңнің дамуына үлес қоса беруіңе тілектеспін», деді министр.

Кездесуге Әсетті қолдау үшін оның ата-анасы да қатысты. Министр оларға баласының білім алуына жағдай жасап, әрдайым қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, талапкердің жетістігінде отбасының тәрбиесі мен қамқорлығының орны ерекше екенін атап өтті.

Негізгі ҰБТ кезінде 890 ереже бұзушылық анықталды

Әсет Альтаир ҰБТ-ға дайындық тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандығын таңдау туралы айтып берді.

Еске сала кетейік, Павлодар қаласындағы №7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әсет Альтаир 2026 жылғы негізгі ҰБТ-да «Математика – География» пәндер комбинациясын таңдап, алғашқы мүмкіндігінде 140 балл жинады. Сонымен қатар ол «Үздік аттестат» иегері.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью