Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Астанада «Sarap» эксперттік клубының отырысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдум қарсаңында ғылыми-технологиялық егемендіктің мемлекеттің дербестігі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайтудағы рөлі талқыланды.
Сурет: kipd.kz
Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан қоғамдық даму институты ұйымдастырды. Отырысқа ғылыми қауымдастық, зерттеу ұйымдары, жас ғалымдар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
– Ғылыми-технологиялық егемендік – бүгінде дамудың стратегиялық бағыты ғана емес, мемлекеттілікті конституциялық тұрғыда нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі. Елдің бәсекеге қабілеттілігі мен ұзақмерзімді, орнықты дамуы ғылым, білім, өнеркәсіп салаларында қабылданатын институционалдық шешімдердің сапасына тікелей байланысты, – деді Қазақстан қоғамдық даму институты Қоғамдық үдерістерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым.
Отандық тарихтың жекелеген аспектілері жөнінде қалыптасқан түсініктерді қайта қарау қажет. Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов осылай дейді. Сондай-ақ ол баламалы дереккөздер мен шетелдік зерттеулерді тарту арқылы историографиялық базаны кеңейтудің маңызына тоқталды.
Ал Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығының төрағасы Светлана Кожирова ғылымның стратегиялық әлеуетіне тоқталды. Ол баяндамасында Қазақстан туралы шетелдік ғылыми жарияланымдарға шолу жасап, онда еліміздің ядролық ғылым, стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар, аграрлық зерттеулер, цифрлық шешімдерді дамыту салаларындағы берік әрі бәсекеге қабілетті ұстанымы кеңінен атап өтілетінін жеткізді.
«Young Researchers Alliance» ҚБ төрағасы Әсия Ермұхамбетова ғылыми қызметтің кадрлық өлшеміне ерекше назар аударды. Ол зерттеулердің ұзақмерзімді сипатының маңызын атап өтіп, көп жағдайда жобалар кемінде 3 жылға есептелетінін айтты. Осыған байланысты зерттеу ұжымдарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы реттеуші, конкурстық тетіктерді қайта қарау қажет. Сондай-ақ жас ғалымдардың мансаптық траекториясының айқын болмауы мен еңбек жағдайларының тұрақсыздығы мәселесі қозғалды. Сарапшы «бұл факторлар 30 жасқа дейінгі мамандардың ғылым саласына келу қарқынын едәуір тежеп отыр», деді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Жас ғалымдар клубының төрағасы Эльмира Отар ғылымды басқарудың нормативтік архитектурасы қалыптасқанымен, практикалық тиімділігі рәсімдік, ұйымдастырушылық олқылықтарға байланысты шектеулі болып отырғанын айтты.
Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары да ғылым саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсынысын ортаға салып, оның конституциялық мәртебесін нығайтудың маңызын атап өтті. Ұсыныстар қатарында сараптама рәсімдерін автоматтандыру, ғылыми нәтижелерді бағалау критерийлерін зерттеу бағыттарына қарай саралау, сондай-ақ зерттеушілер үшін кәсіби дамудың ашық әрі түсінікті модельдерін қалыптастыру шаралары айтылды.
Пікірталас аяғында қатысушылар ғылыми-гуманитарлық, ғылыми-технологиялық әлеуетті нығайту кешенді тәсілді талап етеді деген тоқтамға келді.
Соңғы жаңалықтар
Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты
Туризм • Бүгін, 08:25
«Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті»
Сұхбат • Бүгін, 08:20
Референдум • Бүгін, 08:17
Таным • Бүгін, 08:15
Қоғам • Бүгін, 08:12
Спорт • Бүгін, 08:10
Мирас • Бүгін, 08:05
Гендерлік саясат саласындағы оң өзгерістер
Саясат • Бүгін, 08:02
Көрме • Бүгін, 08:00
Қоғам • Бүгін, 07:55
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық коалиция Қарағанды облысында бірқатар кездесу өткізді
Ата заң • Кеше
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елдімекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Аймақтар • Кеше
Яна Легкодимова ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Кеше