Ғылымның дамуына еңбек сіңірген ғалым марапатталды

02.04.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ұлбосын Мейірбекқызы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 

Ғалымға берілген марапат – оның қажырлы еңбегі мен медиа саласына қосқан үлесінің нәтижесі. 

Профессор Ұлбосын Мейірбекқызының бастамасымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2020 жылдан бері «Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауы өткізіліп келеді. 

Байқау биыл да жалғасын табады. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің 15 жылдығына арналады. Байқау «Адам және жасанды интеллект – коммуникацияның жаңа формасы» тақырыбымен өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріндегі медианың жаңа миссиясын, әлеуметтік жауапкершілік пен заманауи коммуникацияның рөлін шығармашылық тұрғыда көрсету, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен шетелдік жетекші университеттер арасындағы ғылыми, шығармашылық ынтымақтастықты нығайту. Байқаудың шарты бойынша қатысушылар технологиялар мен жасанды интеллектің адам өміріне ықпалы, медианың әлеуметтік жауапкершілігі мен заманауи коммуникацияның даму бағыттары туралы бейнематериалдар ұсына алады.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью