Хакерлер ЖИ көмегімен Instagram қолданушыларының деректерін ұрлаған

03.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: istockphoto.com

Нақтырақ айтсақ, шабуылдаушылар өздерінің орналасқан жері туралы деректерді қолдан өзгертіп, жасанды интеллект арқылы аккаунттарға тіркелген электрондық пошта мекенжайларын ауыстырған.

Қазіргі уақытта шабуылдан қанша аккаунт зардап шеккені белгісіз. Алайда кибершабуылға ұшырағандардың қатарында АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың да аккаунты бар.

Кибершабуыл туралы алғашқылардың бірі болып Meta компаниясының бұрынғы қызметкері Джейн Манчун Вонг мәлімдеді. Оның айтуынша, аккаунтының құпиясөзі өз келісімінсіз өзгертілген. Сондай-ақ ол бір күн бойы құпиясөзді қалпына келтіру әрекеттері туралы хабарламалар алғанын айтқан.

Атыраулық хакерге халықаралық іздеу жарияланды

Meta өкілі Энди Стоун мәселенің жойылғанын мәлімдеді.

«Мәселе шешілді, қазір біз зардап шеккен аккаунттарды қорғау үшін қажетті шараларды қабылдап жатырмыз», деді ол.

Дегенмен компания өкілі әлемдік көшбасшылардың аккаунттары бұзылды деген ақпаратты растаудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін осындай кибершабуыл Spotify стримингтік сервисінде де орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью