Хакім ұнатқан ойын

27.01.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Семей қаласында ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірме Абай облысының Қоғамдық келісім орталығы мен өңірлік тоғызқұмалақ федерациясының бірлесуімен ашылды.

Үйірменің ашылу рәсімі облыстық Достық үйінде өтті. Аталған мәдени-спорттық іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығы­мен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында көрсетілген жастардың ой-өрісін кеңейту және қоғамдық келісімді нығайту міндеттері аясында ұйымдастырылды.

Тоғызқұмалақ – халқымыздың санғасырлық ой-өрісін дамытқан зияткерлік дода. Ол есепке жүйрік болуды, алдағы қадамды алдын ала саралау­ды және так­тикалық ұтымды шешім қабылдауды қалып­тастыратын ойын. Сонымен қатар тоғызқұмалақ – хакім Абайдың да сүйікті ойындарының бірі. Бұл туралы абайтанушылармен қатар М.Әуезовтің «Абай жолы» романында да көрініс береді. Сондықтан тоғызқұмалақ ойынының Абай елінде дамуы заңды құбылыс болса керек.

Үйірмені тәжірибелі жаттықтырушы Леонид Парфиев жүргізеді. Ол тоғызқұмалақ ойынымен 2000 жылдан бері айналысып келеді.

– 2016 жылдан бастап спорт мектебінде кәсіби жаттықтырушы ретінде жұмыс істедім. Кейінгі жылдары шәкірттерім халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Атап айтқанда, былтырғы жылдың қараша айында Малика Әсемханова әлем чемпионы атанды, – деді жаттықтырушы.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин «тоғызқұмалақ ойыны жастар мен балалардың ойлау жүйесін дамытатын маңызды құрал», дейді.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше­лері мен этномәдени бірлес­тіктердің өкілдері қатысты. Үйірменің ашылуына қатысқан Ульяна Абашева:

– Ойын барысында қатысушылар қарсыластың әрбір жүрісін талдап, дұрыс шешім қабылдауға, өз әрекеттерін алдын ала жоспарлауға үйренеді. Сабақ барысында барша қатысушылар белсенділік танытып, ойынға деген үлкен қызығушылық көрсетті. Алдағы уақытта үйірме жұмысына тұрақты түрде қатысып, тоғызқұмалақ ойынын тереңірек меңгеріп, ойын шеберлігін жетілдіргіміз келеді, – дейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үйірменің бас­ты мақсаты – ұлттық зияткерлік ойындарды кеңінен насихаттау ғана емес, сонымен қатар этносаралық татулықты нығайтып, ортақ қызығушылық негізінде жастарды біріктіру. Тоғызқұмалақ адал бәсекені дәріптеп қана қоймай, жастардың бір-бірімен жақын араласып, ортақ іске ұйысуына мүмкіндік бермек.

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55

Ғимарат су жаңа кейіпке енді

Білім • Бүгін, 07:45

Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады

Өшпес даңқ • Кеше

Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс

Қоғам • Кеше

Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді

Қоғам • Кеше

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы

Қоғам • Кеше

Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы

Құрылтай • Кеше

Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау

Қоғам • Кеше

Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады

Ата заң • Кеше

С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі

Экология • Кеше

Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью